Ең қысқа әңгіме • 03 Тамыз, 2024

Не бел, не белбеу кетеді

170 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Берілмеу, босаңсымау, барды салу – спорттың басты қағидасы. Жеңіліп тұрып, соңғы секундтарда жеңісті жұлып әкеткен сәттер спорт тарихында жетерлік.

Не бел, не белбеу кетеді

Түркияда өткен балалардың халық­аралық балуан­дар бә­секесінде Райымбек Қабыкен ұпай саны бойынша жеңіліп жат­қан еді. Төрт минут сыр­ғып өтіп, таблодан 10 секунд қал­ғанын көрсеткенде жан­күйердің көбі балуанымыз жеңілді-ау деп ойлағаны белгілі. Бірақ намысты ұл берілмеді. Керісінше жігерін жани түсті. Соңғы сегіз секунд қалғанда түркиялық қарсыласын жамбасқа алып ұрды. Осылайша, Райымбек әлемдік додада көк туымызды желбіретіп, ел мерейін асқақтатты.

Соңғы жаңалықтар