«Таза Қазақстан» • 29 Тамыз, 2024

Жастардың күшімен біткен іс

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында Ақмола облысында экологиялық іс-шаралар жалғасып жатыр. Осы бағытта кеше Көкшетау қаласында «Таза Көкшетау» жобасын қолдау мақсатында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Жастардың күшімен біткен іс

Фото: adyrna.kz

Іс-шараға жастар ұйымда­рының басшылары, азаматтық сектор өкілдері, қалалық мәс­лихат депутаттары, белсенді жас­тар, еріктілер және «Жасыл ел» жауынгерлерінен құралған бар­лығы 500-ге жуық адам қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатқа, қор­шаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын дәріптеу.

Іс-шара барысында қала тұр­ғындары бақылау алаңын тазартып, «Тәуелсіздік» Ту тұғырын абат­тандырып, Көкшетау қала­сы­ның тау бөктерін қоқыстан тазартты.

«Ақмола облысының тұр­ғын­дары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бас­тамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жобасын белсенді қолдайды. Бұл жоба табиғатқа, өз үйіне ұқыпты қарауға бағытталған. Осылайша, қоғамның тазалығына, экологияға бейжай қарамайтын, айналасына қамқорлық танытып, табиғатты қорғайтын жастар шоғыры көбейе түседі», дейді белсенді жастардың бірі Нариман Меңдібаев.

Жалпы, «Таза Қазақстан» эко­логиялық акциясы басталған сәттен бастап Ақмола облысы бойынша 550-ден аса елді мекен қамтылып, 80 мың тонна қоқыс шығарылды. Тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыру бойынша жұмыс жүргізіліп, 200-ге жуық көшет отырғызылып, ағаштарды әктеу, суайдындарының, өзендер мен көл­дердің айналасын қоқыстан тазарту, 400 балалар алаңы абаттандырылып, тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың қасбет­тері жөнделді. Облыс бойынша барлығы 500 мыңға жуық адамның қатысуымен 3 500-ге жуық бір реттік экологиялық іс-шара өтті.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15