Ақтау қаласында сайлаудың сағаты соғып, халық бірі келіп, бірі кетіп жатқан шақта ұлттық нақыштағы бешпет киген жылы жүзді апаға көзім түсті. Жанына жақын барып, сөзге тартудың сәті түсті. Ақ жаулықты ана – өткен жылы ғана шет мемлекеттен оралған қандасымыз, бірнеше перзент тәрбиелеп-өсірген Ақбала ҚИЯҚБАЕВА екен.
– Апа, дауыс беруге ертелетіп келіпсіз ғой...
– Иә, «ерте тұрған жігіттің ырысы, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» демекші, әрдайым ерте тұрып, шаруамды шаруалағанды дұрыс көремін. Ал бүгінгідей еліміздің Президентін сайлау сәтінде күн ұзақ қой деп арқаны кеңге салып жатып алмай, ертелетіп келген бетім еді. Сөйтсем, өзім дауыс беретін 28-ші сайлау учаскесіне ең бірінші келіппін. Әнұран шырқалып, сайлаудың салтанатты ашылуына куә болдым.
– Жасыңыз нешеде? Өзіңіз туралы айтып өтсеңіз?
– Жасым 75-ке таяп қалды. Өмірге сегіз бала әкеліп, олардың барлығын да аяғынан тұрғыздық. Құдайға шүкір, қазір әрқайсысы бір үй, немерелер өсіп келеді. Бұған дейін отбасымыз Қарақалпақстанда тұрып келген болатын. Ержеткен балалардың алды бірінен соң бірі Қазақстанға қоныс аударып, ата жұртта шаңырақ көтере берді. Ең соңында өткен жылы өзіміз де келдік. Қазақстанның азаматы, Ақтау қаласының тұрғыны ретінде биыл атамекеніміз – Қазақстанның сайлауына алғаш рет қатысып, дауыс беру қуанышына ие болып тұрмын.
– Демек, өз таңдауыңызды жасадыңыз ғой?
– «Сырт көз – сыншы» дейді ғой атам қазақ, іші-бауырымыз туған елім деп елжіреп, Қазақстан туралы сырттай оқып-біліп, естіп жүреміз ғой. Тыныштық, халық бақуатты, балалар өсіп келеді. Зәулім үйлер бой көтеріп, жолдар салынуда. Бәріне шүкір деуіміз керек және бүгінгі тірлігімізге қанағатпен, барға да, жоққа да сабырмен қарағанымыз жөн. Қазақстанның болашағы бұдан да жақсы болатынына сенемін. Бізден бұрын Қазақстанға кеткен балаларымның бәрі де үйлі-күйлі, жағдайлы. Бүгінгі күнімізге ризамыз. Тыныштық үшін, балаларымның амандығы мен берекесі үшін өз таңдауымды жасадым.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы.
Суретті түсірген
Серік МАЙЕМЕРОВ.

Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35
Президент Швеция Королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Президент • Бүгін, 16:32
Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:25
«Мөлдір бұлақ» акциясы: Астанада 100-ден аса адам бұлақ маңын қоқыстан тазартты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:22
Алматыда көлік иелеріне катализатор орнату міндеттеледі
Алматы • Бүгін, 16:10
Енді мемлекеттік қызметшілер жыл сайын наркотесттен өтеді
Парламент • Бүгін, 15:57
ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Білім • Бүгін, 15:55