Оқиға • 05 Қыркүйек, 2024

Ақмолада өзгенің көлігін айдап кеткен үш бозбала ұсталды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысының тәртіп сақшылары жеке үй аумағынан автокөлік ұрлап кеткен жасөспірімдерді қолға түсірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмолада өзгенің көлігін айдап кеткен үш бозбала ұсталды

Фото: Polisia.kz

Polisia.kz сайтының жазуынша, осы жылғы 24 маусымда Целиноград ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан Subaru Legacy автокөлігінің ұрланғаны туралы хабарлама түскен, шығын сомасы 1 млн 200 мың теңгені құраған.

Қылмыстық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктілер ретінде сол маңдағы ауылдардың бірінің 16 жастағы үш тұрғынын анықтады.  

Полиция қызметкерлері тергеп-тексеру жұмыстарын бастап кетті.