Қылмыс • 12 Қыркүйек, 2024

Зейнеткерлерді зар қақсатқан қаскүнем

46 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгінде алаяқтықтың түрі де көп, шегі де жоқ. Өскеменде ер адам құбырларды тексеруге немесе есептегіштердің пломбаларын ауыстыруға келгендей болып, қарияның ақшасы мен құны 1 млн теңгеден асатын әшекей бұйымдарын ұрлап кеткен.

Зейнеткерлерді зар қақсатқан қаскүнем

Ұрлық бір емес, бір­не­ше рет қай­та­ланған. Жәбір­лену­шілердің бірінің айтуын­ша, ол үйдің ауласында отыр­ған­­да белгісіз адам оған жа­қын­­дап, өзін «Су арнасының» қыз­­меткері ретінде таныстырып, есептегіштерді тексеру керек екенін айтқан. Әйел адам қызметкерге сеніп, оған пәтерінің кілтін берген. Алайда кейінірек үйге келгенде зергерлік бұйымдары бар қораптың жоғалып кеткенін байқаған. Шығын сомасы шамамен миллион теңгені құрады. Ол – Өскемендегі жалған коммунал қызметкерінен зардап шеккен жал­ғыз адам емес.

Келесі жолы күдікті электрик рөліне еніп, 72 жастағы облыс орталығы тұрғынының есігін қаққан. Оның есептегіштері мен сымдарын тексеріп, қызмет ақысын сұраған. Әңгіме арасында әжені алаңдата отырып, оның 140 мың теңгесін ұрлап кеткен.

Үшінші жағдай, 87 жас­тағы жәбір­ленушіге «ком­мунал­дық қызметкер» оның есеп­тегіш­терінде ақау тапқанын, егер оған 1 000 теңге төлесе, ол бұл туралы хабарламайты­нын айтқан. Сөйте тұра, пәтер­ден шығып бара жатып, зейнет­кердің сөмкесін ұрлап кеткен. Сөмкеде 25 мың теңге болыпты.

Көп ұзамай, полицейлер күдіктіні анықтап, ұстады. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотты бол­ған 39 жастағы Өскемен қала­сының тұрғыны болып шық­ты. Күдіктінің айтуынша, ол қаланың аулаларында ег­де адамдарды байқап, кейі­ні­рек оның «қызметтеріне» ақы төлеп жатқанда, олар қол­ма-қол ақшаны қайда сақ­тай­тынына көз жүгірткен. Айт­қандай, ер адам ұрланған зер­герлік бұйымдарды сатып үлгерген. Кейін оны полицейлер тәркілеген. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Тәртіп сақшылары бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр.

Тәртіп сақшылары қала тұрғындарынан қырағы болуды және күдікті адамдарды үйге кіргізбеуді сұрайды. Ал коммунал­дық қызметкерлер­ден құжаттарын сұрауға құ­қы­лы. Егер кімде-кім осындай қыл­­мыс­тық әрекеттерден зардап шеккен болса, дереу «102» арнасына хабарласулары қажет.

 

ӨСКЕМЕН 

Соңғы жаңалықтар

ШҚО-да 3 су арнасы жөндеуден өтеді

Аймақтар • 04 Қазан, 2024

Нарықта мұнай бағасы шарықтады

Экономика • 04 Қазан, 2024

Энергетикалық келешектің оңтайлы шешімі

Референдум 2024 • 04 Қазан, 2024

Терраса тақтасы

Ғылым • 04 Қазан, 2024