Тағайындау • 17 Қыркүйек, 2024

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімі ауысты

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімі ауысты

Фото: gov.kz

СҚО әкімінің өкімімен Мейрам Меңдібаев Айыртау ауданының әкімі болып тағайындалды. Ол осыған дейін  облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы болған.

Жаңа әкім 1971 жылы 6 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы М. Жұмабаев ауданында туған.  

Еңбек жолын 1991 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Булаев ауданы «Қазақстанға 40 жыл» совхозының құрылыс бөлiмiнiң ағаш ұстасы болып бастаған. «Петропавловскоблагропроектстрой» 4 бiрлестiгiнiң Булаев жылжымалы мехколонасының шеберi, Булаев ауданы әкiмi аппаратының аудандық сәулетшiсi, кейін бас маманы болған.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37