Қоғам • 18 Қыркүйек, 2024

Жүйелі жұмыс жалғасын табады

134 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Абай облысында жаңадан құрыл­ған Мақаншы мен Жаңа­семей аудан­дары күн санап көркейіп, оң өзге­рістерге бет алып бара­ды. Осы екі ауданның ішінде шал­ғай­дағы Мақаншы ауданының жөні бөлек. Туризм нысаны айдынды Алакөл мен еліміздің шығы­сындағы ал­пауыт көршіміз Қытай­мен шек­тесетін тұсы да осы аудан. Мем­лекет басшысының пәр­менімен құрылған облыстағы бұл жаңа аудан – «шығыс қақпасы» ретін­де туризм, логистика, шека­ралық қатынастар мен сауда-сат­тық­қа көңіл аударатыны белгілі.

Жүйелі жұмыс жалғасын табады

Көптеген ірі жобаның жүзеге асуы болашағы зор ауданның келешегін кемелдендіріп, өңір экономикасын өрге сүйреп, халықтың өмір сүру сапасын жақсартатыны анық. Аудан аумағындағы Алакөл көлі еліміз­дің ең танымал туристік аймағына еніп, республика бойынша ең көп туристер жиналатын орындардың біріне айналып келеді. Бүгінгі күні жағалауда 435 кәсіпкерлік нысан, оның ішінде 230 демалыс үйі қызмет көрсетеді. Қолма-қол қыз­мет көрсету мақсатында медицина­­лық және полиция пункттері қызмет атқара­­ды. Биылғы маусымда медициналық пунк­т­ке 1018 демалушы көмекке жүгін­­ген. Қоғамдық және жол қауіпсіздігін қам­тамасыз ету мақсатында облыстың ішкі істер департаменті тарапынан тұрақты түрде полиция патрулі кезекшілік етеді. 116 бейнекамера толықтай орталық полиция пунктіне онлайн режімде қосылған.

Жағалауда өрт қауіпсіздігін қамта­масыз ету мақсатында облыстық төтенше жағдай департаменті барлық жағдайды өз бақылауында ұстап отыр. Құтқару посты мен мұнаралар өзіне жүктел­ген міндетін ойдағыдай атқарып жатыр. Бұған қосымша 10 адамнан тұратын, толық жабдықталған ерікті құтқарушы топ құрылды. Санитарлық жағдайды қадағалау мен көлдің жағасын абаттандыру жұмыстары, тазалықты сақтау, электр қуатының тапшылығы бойынша мәселелерді шешу мен реттеу және алыс-жақыннан келетін туристер тарапынан түскен шағымдардың алдын алу, кемшіліктермен күрес әрдайым қада­ғалаудан тыс қалған емес.

вап

Мақаншы ауданындағы тұрғындармен кездесіп, есеп берген аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев бүгінгі күні Алакөлдің ахуалын жақсартуға байланысты атқа­рылған жұмыстарға тоқталды.

«Облыстың туристік әлеуеті кеңінен мәлім, оның басты байлығының бірі – аймақтың өзіндік «төлқұжатына» айнал­ған Алакөл көлі. Алдағы уақытта жағалау­дың санитарлық жағдайын жақсартып, оны абаттандыру жұмыстарын күшей­ту жос­парланып отыр. Аудан әкім­дігі бұл бағытта нәтижелі жұмыс ұйымдас­тыруы қажет. Көл жағасында апат­тық-құтқару стансасының құрылысына жобалық-сметалық құжаттаманы әзір­леуге 7,1 млн теңге бөлінді», деді аймақ басшысы.

Мақаншы ауданына жұмыс сапары аясында Нұрлан Телманұлы Алакөлдің туристік әлеуетін дамыту жоспары­мен танысты. Бұған қоса Алакөл көлінің маңында орналасқан «Барлық Арасан» санаторийіне арнайы барды. Теңіз деңгейінен 579 метр биіктікте орналас­қан ыстық минералды бұлақ екі шақы­рым тереңдікте орташа көміртекті терең альбиопорфиттері бар 13 ұңғымасы­­мен танымал. Барлық тауының бауырын­дағы шипажайда науқастарды емдеу барысында минералды сулар мен емдік балшықтар пайдаға жарайды. Атал­ған термалды минералдық су көздерінің ­құ­ра­мында күкірт, хлорлы сульфат, ­кремний қышқылы бар. Судың температурасы 20-43 С°. Шипажай суы химия­лық құрамы жағынан Цхалтубо, Сары­ағаш, Алма-Арасан шипажайлары­ның суларына ұқсас. Минералды сулармен тері ауруларын, буын жүйке, асқазан аурула­рын, тыныс органда­рын, гинекологиялық ауруларды емдеуге болады.

Бүгінде шипажай мамандары тұрақ­ты түрде күніне 50 адамға дейін қабыл­дай­ды. Кәсіпорын шипажайлық-ку­рорт­тық қызмет көрсетумен қатар, «Ала­көл» брендімен ауызсу шығаруды да іске қосқан. Тау суы сүзіліп, сағатына 500 бөтелкеге құйылады. Қазірдің өзінде жергілікті нарықта сатылымға шыққан. Жақын арада облыс деңгейіне шығу және көршілес облыстарға сату жоспарға алынған. Өндіріс орнын аралаған облыс әкімі өңірдің шекара аймағы екенін ескере отырып, өнімді Қытайға экспорттау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Жалпы алғанда, Мақаншы ауданын­да тұрғындарға қолайлы жағдай туғы­зуға бағытталған инфрақұрылым нысан­дарының құрылысы мен абаттандыру жұмысы қолға алынып жатыр. Аталған ауданда тұрғын үй-коммунал­дық және көлік инфрақұрылымын дамы­туға баса көңіл бөлінген. 2026 жылға дейін облыс­тың барлық тұрғындарын ауызсумен қам­тамасыз ету мақсатында 46 жоба жоспарланған. Оның ішіндегі алтауы ­биыл бастау алды. Мақаншы ауданында қазір­­­дің өзінде 22 540 адам тұратын 16 ауыл ­таза ауызсумен қамтылды. Қабанбай, Бекет елді мекендеріндегі жұмыстар ал­дағы уақыт­та жалғасын тауып, Мақаншы, Қара­бұлақ, Қызылбұлақ сынды ауыл­дарға көше жарығын орнату жоспарда тұр. Жыл ­басынан бері облыста 190 мың шаршы ­метрге жуық тұрғын үй пайдалануға бе­рілсе, оның ішінде 1 350 шаршы метрі Мақаншы ауданына тиесілі. Аудан­­­ның әлеуметтік жағынан осал азаматтары үшін баспана мәселесі келешекте шеші­мін таппақ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың экономика, саясат пен идеология саласын қатар реформалауға бағытталған стратегиялық бағдары үздіксіз іске асып келеді. Аталған стратегиялық жоспар жаңа­дан бой түзеген аудан тынысын ашуға да мол мүмкіндік беріп отыр. Мақаншы ауданы облыс көлеміндегі ауыл­шаруашылық саласына тікелей қатысы бар ірі аудандардың бірі. Биылғы жыл­дың 7 айының қорытындысы бо­йынша ауылшаруашылық тауарының жалпы өнімі 10 млрд 554 млн теңге, бұл өткен жылмен салыстыр­ғанда ана­ғұрлым көп. Ет, сүт өнімдерінің өсімі көңіл көншітеді. Аудан бойынша дәнді және майлы дакылдар, бақша өнім­дері, көкөністер мен бақша тұқымдарын қо­сып есептегенде егілген егістік көлемі 46 мың 912,3 гектарға ұлғайған.

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев Мақан­шы ауданын аралаған сапа­ры­ның аясында дәрігерлік амбулатория құ­ры­лы­сының барысымен таныс­ты. Жұмыс «Ауылдық денсаулық сақ­тауды жаң­­ғыр­ту» бағдарламасы аясында жалғасып ­отыр. Жоспарға сәйкес құры­лыс жұмыс­тарын 2025 жылдың со­ңына дейін аяқ­тау көзделген. Аймақ бас­шысы аудан әкімі, аурухана басшысы, сондай-ақ денсаулық сақтау басқармасына медициналық кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін еліміздің өзге өңірлерінен мамандар тарту, арнайы шақыртумен келген мамандарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесін де сөз етті.

– Біз медициналық жабдықтар пар­­кін жаңарту және қосымша медицина­лық қызметтер орталықтарын құру жұмыс­тарын жалғастырамыз. Өткен жылы ден­­саулық сақтау объектілерінің мате­риалдық-техникалық базасын нығайту­ға қомақты қаржы бөлінді. Биыл бұл жұ­мыс жалғасын тапты. Мәселен, аудандық ауруханаға компьютерлік томограф сатып алуға облыстық бюджеттен 350 млн теңге қарастырылған. «Ауылдық ден­сау­лық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында құрылысы басталған 65 ал­ғаш­қы медициналық-санитарлық көмек ны­сандарының сегізі Мақаншы ауданына тиесілі. Мақаншыдағы күндізгі стационары, зертханасы және әйелдер консуль­та­циясы бар дәрігерлік амбулаторияны қайта жаңартуды бастауға тиісті қаржы бөлінді, – деді аймақ басшысы.

Аудан орталығында 140 орындық бала­­бақша құрылысының жұмыстары аяқ­­талуға жақын. Мердігері «QK SUNQAR» ЖШС балабақша құры­лысында ғима­раттың қасбетін мен ішкі-сыртқы әрлеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Облыс әкімі есепті кездесу соңында аудан тұрғындарын жеке сұрақтары бо­йынша қабылдады. Тұрғындар тарапы­нан қойылған сауалдарға әкім жан-жақты жауап қайтарып, аудан әкімі мен құзыр­лы мекеме, бөлімдерге тиісті міндеттер жүктеді.

 

Абай облысы