Таным • 20 Қыркүйек, 2024

Cіз білесіз бе? Қағаз ақша қайдан шықты?

144 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қағаз ақша алғаш рет Қытайда XI ғасырда пайда болды. Олар VII ға­­сырда Таң әулеті кезінде сау­да­герлердің қол­хат­тарынан табылған.

Cіз білесіз бе? Қағаз ақша қайдан шықты?

Барлығы тиын толы қалталарды көтеріп жүруден шаршаған көпестерден басталды. Олар сомаға балама ретінде жүретін қағаз алып жүруді ұсынды. Осылайша, тиындардың орнына банкноттарды пайдалану идеясы Еуропаға XIII ғасырда Марко Поло мен Вильгельм Рубрук сияқты саяхатшылардың әңгіме­лері арқылы келді. Бірақ вексельдер қазіргі мағынада толыққанды қағаз ақшаға 1661 жылы айналды. Дәл сол кезде Стокгольм­дегі Швецияның орталық банкі алғашқы банкноттарды шығара бастады.

 

Көзәйнек көрінісі

ап

Алғашқы оптикалық құрылғы мың жылдан астам уақыт бұрын пайда болды. Олар оқуға арналған тастар деп аталды. Әріптерді үлкейту үшін хрусталь немесе әйнек кесектерін кітап бетіндегі жазу бойымен жүргізіп отырған.

Бұл өнертабыс IX ғасырда өмір сүрген африкалық астроном Аббас ибн Фирнасқа тиесілі. Әрине, мұндай тастарды пайдалану аса ыңғайлы болмады. Бірақ Ибн Фирнастың өнертабысын италиялықтар шамамен 1290 жылы жетілдіріп, қайта жаңғыртты. Нәтижесінде, Венецияда линзалар шығаратын орталық пайда болды. Ал көзәйнектің қазіргіден аса айырмасы жоқ заманауи пішінін, оптик ғалым Эдвард Скарлетт 1727 жылы жасап шығарды.

 

Көне компас

ва

Компас Қытайда шамамен 1088 жылы ойлап табылған. Бұл ішінде кішкентай магниттері бар ағаштан жонылған балық жүзетін ыдыс болды. Олар тұмсығымен әрдайым оңтүстікті көрсетіп тұратын.

Еуропада компас XII ғасырда пайда болды. Оның құрылымы өте қарапайым болды: магниттелген ине тығынға бекітіліп, стакандағы судың бетіне қойылатын. Қазір қолдан жүрген пішінге ұқсас компасты италиялық Флавио Джойя ХIV ғасырдың басында жасап шықты.