
Сурет: abai.kz
Жиында терроризм мен экстремизмге, қару мен есірткінің заңсыз айналымына, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл үшін ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту аспектілері қарастырылды.
Ғизат Нұрдәулетов лаңкестік қауіп-қатерлер туралы тұрақты және тиімді ақпарат алмасу, халықаралық террористік ұйым қатарындағы содырлар мен рекруттар қозғалатын, сондай-ақ лаңкестік әрекетті қаржыландыратын түрлі арналардың жолын кесу бойынша өзара келісілген іс-қимыл жүргізудің маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі кезде шетелдік интернет-ресурстарды пайдалана отырып жасалатын трансұлттық қылмыстарға қарсы күресудің, сондай-ақ киберқауіпсіздік деңгейін арттырудың маңызы арта түсті.
Бұған қоса жиында көлік қауіпсіздігін, соның ішінде өңірдегі елдерді өзара жалғайтын көлік-логистика бағыттарының орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті екеніне назар аударылды.
ТҮРКІСТАН