ОРАЛ. 15 маусым. Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласындағы жоғары оқу орындарының бірінде білім алатын студент электромобиль құрастырып шықты. Көлік өте үнемді және экологиялық таза. Ол қуат көзін өздігінен күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғыдан алады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабрлады.
Сергей Офицеров есімді студент электромобильді ескі «Ока» көлігінің негізінде құрастырды. Өнертапқышқа жоғары оқу орнындағы ұстаздары мен бірге оқитын достары көмектесті.
Көлікті қуаттандыру үшін тоқ көзіне қосуды қажеті жоқ. Жанармай арқылы жұмыс істейтін қозғалтқыштың орнында электромотор орнатылған. Ол көліктің төбесіндегі күн энергиясынан қуат алатын батарея арқылы жұмыс істейді.
Көлік сағатына 100 шақырым жол жүре алады. Қуаты 10 киловаттық электромотор жанармай арқылы жұмыс істейтін қозғлтқыштан еш кем емес. Тіпті 500 кг-дық «Ока» салмағы 4 тонна болатын «Хаммер» жол талғамайтын көлігін де сүйреп шыға алады. Соның өзінде жылдамдығын сағатына 30 шақырымға дейін көбейтуге мүмкіндігі бар. Бұл инновациялық жаңалықты тек автокөліктерге емес, велосипедке де қолдануға болады.
Сергей Офицеров өнертуындысын Ресейдің Мәскеу облысындағы Дубна қаласында өткен ғылыми-тәжірибелік конференция кезінде көпшіліктің назарына ұсынды. Ресей ғалымдары оралдық жас ғалымның еңбегін жоғары бағалап, оған Дубна университетінде магистратурада тегін оқу үшін білім грантымен марапаттады. Енді Сергей алдағы қыркүйекте аталған оқу орнында білімін жалғастыратын болды.
Темір Құсайын.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: uralskweek.kz.

Қазақстанда «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» құрылады
Президент • Бүгін, 14:58
Мемлекет басшысы «Алтын виза» иегерлеріне берілетін жаңа жеңілдіктер туралы айтты
Жасанды интеллект • Бүгін, 14:49
«Не боламыз, не бордай тозамыз»: Тоқаев цифрландыруға салғырт қарауға болмайтынын ескертті
Президент • Бүгін, 14:36
Қазақстан криптохабқа айнала ма? Президент Үкімет пен Ұлттық банкке шұғыл тапсырма берді
Президент • Бүгін, 14:31
Тоқаев: Мемлекеттік деректердің бірыңғай жүйесі болмаса, жасанды интеллектіден пайда жоқ
Президент • Бүгін, 14:25
Цифрлық экономика ІЖӨ-ге қалай әсер етеді? Президент ұсыныстар енгізуді тапсырды
Президент • Бүгін, 14:18
Президенттің төрағалығымен Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің екінші отырысы өтті
Президент • Бүгін, 14:02
Қазақстанда қанша соғыс ардагері қалды?
Өшпес даңқ • Бүгін, 13:55
Ақтөбе облысында көпқабатты үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Комадағы науқастарға әлеуметтік көмек рәсімі жеңілдетіледі
Медицина • Бүгін, 13:27
Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі 10,6%-ға дейін баяулады
Инфляция • Бүгін, 13:15
Эпидемиологтар қызылшаның таралуына не әсер еткенін түсіндірді
Медицина • Бүгін, 13:05
Павлодарда 2 000-нан астам қызметкердің жеке дерегі интернетте таралып кеткен
Оқиға • Бүгін, 12:48
Алдағы күндері елімізде 36 градус аптап ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 12:42
Бадминтон Федерациясы ЖИ негізіндегі цифрлық рейтинг жүйесін іске қосты
Спорт • Бүгін, 12:37