Оқиға • 15 Қазан, 2024

Хасан Қасымбаевтың бұл іске еш қатысы жоқ - ІІМ

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов «кәсіпкер Хасан Қасымбаевтың Шерзат Болаттың өлімі бойынша іске қандай қатысы бар?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хасан Қасымбаевтың бұл іске еш қатысы жоқ - ІІМ

Фото: Qaz365.kz

«Кез келген ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамындағы кез келген тұлғалардың әрекеті қазір тексеріліп жатыр. Бізде «Хуторский» ұйымдасқан қылмыстық тобы тіркелмеген.Осы істің бір бөлігі ретінде мен ауызша портретті ұсына аламын. Олардың екеуі ипподромда, бірі Шымбұлақта жұмысшы, тағы біреуі сұлулық салонында жұмыс істейді», деді Бауыржан Әленов.

Ішкі істер министрлігі сондай-ақ бұл қылмыстық іске Хасан Қасымбаевтың қатысы жоқ екенін айтты.

 

«Хасан Қасымбаевтың осы тергеу амалдары, қылмыстық іс бойынша ешқандай статусы жоқ»,  деп жауап берді Әленов бүгінгі брифинг барысында.

Соңғы жаңалықтар

Өнердің емдік қуаты

Өнер • 29 Қараша, 2025

Ақын мен Алматы

Тұлға • 29 Қараша, 2025

Қауіпсіздік шифраторы

Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025

Ананы ардақтау – борышымыз

Жәдігер • 29 Қараша, 2025

Жылу желілері жаңартылады

Аймақтар • 29 Қараша, 2025