Оқиға • 04 Қараша, 2024

Ішкі істер министрлігінде жаңа департамент құрылды

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының киберқылмысқа қарсы күресті күшейту туралы тапсырмасын орындау аясында Ішкі істер министрлігінде киберқылмыспен күресу жөніндегі жаңа мамандандырылған департамент құрылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ішкі істер министрлігінде жаңа департамент құрылды

Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі хабарлағандай, департамент киберқылмыстарды анықтау және олармен күресудің стратегиялық қадамдарын әзірлеумен айналысады.

«Технологиялардың қарқынды дамуы және интернет-қауіптердің көбеюі жағдайында мамандандырылған бөлімшенің құрылуы бізге қазіргі заманның сын-қатерлеріне тиімді әрекет етуге мүмкіндік береді», деді Ішкі істер министрі Ержан Сәденов.

Жаңа департаменттің бастығы болып осы салада айтарлықтай тәжірибесі бар полиция полковнигі Жандос Сүйінбай тағайындалған.

 

Соңғы жаңалықтар

Өнердің емдік қуаты

Өнер • 29 Қараша, 2025

Ақын мен Алматы

Тұлға • 29 Қараша, 2025

Қауіпсіздік шифраторы

Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025

Ананы ардақтау – борышымыз

Жәдігер • 29 Қараша, 2025

Жылу желілері жаңартылады

Аймақтар • 29 Қараша, 2025