Аймақтар • 08 Қараша, 2024

Қыс мінезін көрсетті

107 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қарашада қара үй тұр, қарайлай жүр артыңа» деп Жәнібек Кәрменов сақтан­дырғандай, міне, қарашаның қара суығымен Қызылжарға бір-ақ күнде қар төпелей жауып, қыс түсе қалды. Кеше ғана тұрған салқын күз сабырсыз қысқа айна­лып шыға келді.

Қыс мінезін көрсетті

Синоптиктердің мәліметіне қара­ғанда, айдың алғашқы онкүндігінде ауаның температурасы 8 градусқа дейін салқындайды. «Қазгидрометтің» Сол­түстік Қазақстан филиалының басшысы Гүлзат Ғазизованың айтуынша, айдың екінші онкүндігінде күндіз 2-3 градус жылымық болғанымен, түнде ауаның температурасы 9-14 градусқа дейін төмендейді. Үшінші онкүндікте тіпті минус 20-24 градустарға дейін суытады.

Кешегі қатты боранда қар молынан түсті. Қаланың көп жерінде тұрғындар қозғалысы да қиындап қалды. Таңертеңнен ышқына соққан боран тек түс қайта толас­тады. Құтырған жел қарды кейбір жолдар мен аулаларға қалың қылып үйіп тастады. Жылымық жерге түсіп еріген қар лезде қа­тып, көктайғақ болған тұстар да көп.

Түске дейін қар тазалауға шұғыл кірісіп, тұрғындардың жүріп-тұратын жолдарын аршып жатқан техникалар да көрінбеді. Жуырда ғана «Қазавтожол» мекемесінің басшылығы жол тазалауға техникаларымыз сақадай сай, барлығы 328 техника қар тазалауға дайын тұр деп мәлімдеген еді. Дегенмен қаланың біршама аудандарында, әсіресе «Солтүстік», №19 шағын аудандарда қозғалыста жүрген техника көзге түспеді. Тек коммуналдық қызметтің адамдары ғана қолдарындағы құралдарымен жолдарды ашып жүр.

Қаланың кейбір мектептерінде екінші ауысымның сабақтары қысқартылды. Үйге кеш шыққан оқушылар боран қайта тұрса үйлеріне жетуі қиын. Үйлері оқу орнынан алыс орналасқан балалар сабақтардан босатылды.

 

ПЕТРОПАВЛ 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15