ПЕТРОПАВЛ. 30 қаңтар. Солтүстік Қазақстан облысында «Барымташы» жедел алдын алу профилактикалық іс-шараларын өткізу барысында қолды болған 20 бас мал иелеріне қайтарылды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Криминалдық полиция қызметкерлері үш күннің ішінде 178 сауда орындарын тексеріп, малды құжатсыз тасымалдаудың 6, сондай-ақ, ет өнімдерінің заңсыз әкелінген 40-тан астам фактілерін анықтады. Облыс аумағы бойынша 7 мал ұрлығы әшкереленді. Аталмыш қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 23 күдікті қамауға алынды.
«Ет саудасымен айналысатын Ресей Федерациясының азаматы күдік тудырып, Петропавл қаласына кіре беріс жол бекетінде тоқтатылды. Құжаттарды тексеру барысында оның көлігінен 169 кило ет табылып, ветеринарлық сертификат жоқ болып шықты. Кәсіпкерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Ұрлық-қарлықтың алдын алу және жұртшылыққа түсіндіру шаралары бірнеше бағытта жүргізіліп, 46 жедел топты қамтып отыр», дейді криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Шалқар Рахматуллин.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Сурет: gazetа.kz.
• 30 Қаңтар, 2015
Солтүстік Қазақстанда ұрланған малдар иелеріне қайтарылды

Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50
Қорапқа қолыңызды тигізбеңіз: Астанада алаяқтардың жаңа әдісі жұртты дүрліктірді
Елорда • Бүгін, 16:37
Елімізде үй жануарын қараусыз қалдырғандарға айыппұл енгізіледі
Заң • Бүгін, 16:35
Президент Швеция Королін 80 жылдық мерейтойымен құттықтады
Президент • Бүгін, 16:32
Путин Қазақстанға келеді: Тоқаев Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 16:25
«Мөлдір бұлақ» акциясы: Астанада 100-ден аса адам бұлақ маңын қоқыстан тазартты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:22
Алматыда көлік иелеріне катализатор орнату міндеттеледі
Алматы • Бүгін, 16:10
Енді мемлекеттік қызметшілер жыл сайын наркотесттен өтеді
Парламент • Бүгін, 15:57
ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Білім • Бүгін, 15:55
Алматыда әлемдік деңгейдегі Innotech университеті ашылды
Білім • Бүгін, 15:50
Тоқаев қазақ тазысын тануға септігін тигізген Тамаш Яккельге алғыс айтты
Президент • Бүгін, 15:40
Алматыда даулы крематорий пайдалануға берілді
Оқиға • Бүгін, 15:32
Орталық Азиядағы ең ірі кешен: Түркістан облысында бірегей жүгері өңдейтін зауыт іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 15:13