Медицина • 23 Қараша, 2024

Face-ID медициналық қызмет сапасын жақсартады

210 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Кейінгі бірнеше жылда ме­ди­циналық көмектің сапасына қатысты көп сын айтылды. Оның бір­сы­пырасы Мін­детті әлеу­­­­­мет­тік меди­циналық сақ­­­тандыру жүйе­сі енгі­зіл­ген соң қайта өзекті бола бастады. Сала­дағы кемшіліктерді жақсы біле­тін Денсаулық сақ­тау­ министрлігі Прези­дент­ Жол­­дауынан кейін ме­ди­­­циналық ұйымдардағы жұ­мысты жандандыру­ға көп көңіл бөліп отыр. ­Ас­тана қаласындағы №8 қа­лалық емханаға барға­ны­мызда сол жаңашыл­дық­тарға назар аудардық.

Face-ID медициналық қызмет сапасын жақсартады

Денсаулық сақтау ми­нистр­­лігі қыркүйек­тен «жалған дерек­тер­ді тіркеуге» қатысы бар деген медициналық ұйымдарды тың­ғылықты тексере бастаған. Осы жолы өрескел заң бұзған ұйымдарға айыппұл салумен шектелмей, лицензиясын кері қайтарып, істі құқық қорғау органдарына тапсыру жағын да ойластырыпты. Мұнымен қоса, министрлік мәселені цифрлық технологиялардың көмегімен түбегейлі реттеуге кірісіп кетті.

Мысалы, биыл Астана қала­сын­дағы емхана­лардың базасын­да науқастарға медициналық қыз­меттерді көрсету фактісін рас­­тайтын Face-ID бойынша қанат­­қақты жоба басталды. Осы жоба­ға сәйкес науқастар емха­наға келгенде Face-ID, веб-каме­ра кө­мегімен жеке басының сәй­кес­тігін нақтылайды. Астанадағы емха­налардың басым көпшілігі осы жүйеге көшіп үлгерсе, қалған ұйым­дар веб-камераларды түген­деп, жыл соңына дейін қосуға дайын отыр. Келер жылдан бас­тап өзге өңірлердегі емха­налар да осы тәжірибені ке­зең-кезе­ңімен енгізгелі жатыр. Айтса айтқандай, Астанадағы №8 қала­лық емхана ұжымы да биыл­дан қалмай Face-ID жүйесін енгізіп, науқастарды сол арқылы қабыл­дауға сақадай сай тұр. Қазірдің өзінде емханадағы кабинеттерге әуелде жоспарланған 90 веб-камера түгел орнатылды. Орайы келгенде жұмыс барысы туралы емхана директоры Рүстем Айтбаевтың пікірін білген едік.

– Веб-камераларды қосуға рұқсат алған соң, емханаға кел­ген әрбір пациенттің жеке ба­сының сәйкестігін растаймыз. Бұл – жалған жазбаларды жоюға бағытталған қадам. Қанат­қақты жоба бойынша Астанадағы барлық емханалар қызмет көр­сетудің осы тетігін пайдаланады. Бұдан былай біз емханаға науқас келмесе, деректерді қа­рап шығып, науқастың келген-келмегенін нақты дәлелдей аламыз. Сондай-ақ «Әлеуметтік әмиян» жобасы аясында қызмет­тің жаңа түрін түрін енгіздік. Оның артықшылығы көп. Енді диспансерлік есепте тұрған пациенттер МӘМС, ТМККК шеңберінде кезекті дәрі-дәрмегін аламын деп емханаға жүз сабылмайды, жалпы тәжі­ри­белік дәрігерге кезекке тұр­май­ды. Бар болғаны платформада дәрісінің таусылғаны туралы хабар қалдырып, дәрігердің нұсқауын күтеді. Егер дәрі-дәр­мек тағайындалса, оны тіке ем­хананың дәріханасынан кезексіз алады. Бұл да болса жұмысты ширатады. Кезекті әжептәуір азайтуға септеседі деп ойлаймыз, – дейді емхана директоры Р.Айтбаев.

Емханада ересектер, балалар, оңалту бөлім­дері жұмыс іс­тейді. Онда тұрғындарға бастап­қы медициналық-санитар­лық, консуль­тациялық-диаг­ностикалық көмек көрсеті­леді. Мекемеге тіркелген тұрғын­дардың жалпы саны – 63 933 адам. Емханада барлығы 399 маман жұмыс істесе, оның ішінде 125 дәрігер, 194 орта медицина қызметкері бар. Жоғары білікті, бейінді мамандар жеткілікті. Бірді-екілі сирек кездесетін ауру­лар бойынша өзге медицина мекемелерімен келісімшарт жасалған. Яғни ол мекемеге ме­ди­циналық сақтандыру қо­ры­ның МӘМС, ТМККК аясында көрсетілген қызмет бойын­­ша келісімшарт негізінде қыз­­мет ақысы төленіп отырады. Дә­рі­­герлер күз мезгілінде жұқ­па­­лы аурулардың таралуымен па­циенттердің әдет­тегіден көбі­рек келе бастағанын айтады. Бұл да болса кезектің көбеюіне әсер етіп отырған көрінеді.

– Емханада кезектің көбеюіне бір емес, бірнеше жағдай әсер етеді. Тек цифрландыру ар­қы­лы кезекті реттейміз десек, қате­­лесеміз. Медициналық ұйым­да маман тапшы болуы мүм­кін. Күзде жұқпалы аурулар өр­шіп, кезек еселеп көбейеді. Со­дан соң, кейбір пациентті 15 ми­нуттың ішінде қарау іс жүзінде мүмкін емес. Өйткені біздің басты міндетіміз – әрбір пациентке сапалы медициналық көмек көрсету. Цифрлық жүйе енгізілгелі электронды кезекке біз мүлде араласа алмаймыз. Кей­де дәрігерге жазылған уақыт­та келмейтін пациенттер болады. Өкінішке қарай, осындай пациенттер емханаға жазыла алмай жүрген өзге пациенттердің орнын басып қалады. Егер пациент емханаға келмейтін болып, жазбасын алып тастаса, оның орнына өзге пациент сол уақытқа жазылар еді. Мысалы, осы мәселені цифрландыру ше­ше алмайды. Әр адам дәрігердің жұ­мысына жауапкершілікпен қараса, жеткілікті. Иә, қазір медицинада ақпараттық жүйелер көп. Енді сол жүйелерді біріктіріп, интеграциялау жөніндегі жұ­мыстар жүріп жатыр. Ол мәсе­ле министрлік деңгейінде шеші­мін тапса, біз де сол базаға өтіп, бейім­­делеміз. Ал медицина­­­лық қыз­мет сапасын ілгерілету­ге кө­мек­тесетін жекелеген мәсе­ле­­лерді күнде­лікті реттеуге тыры­­сып жатырмыз, – дейді Р.Айтбаев.

Емхана басшылығы дәрігер­лердің жүкте­ме­сін азайтуға да баса мән беріп отыр. Соның бірін айтсақ, қазір орта буын медицина мамандары жоғары білім алып жатыр. Енді оларға да пациентпен жеке консультация жүргізуге рұқсат беріледі. Осылайша, орта буын медицина мамандарының құзыреті кеңейіп, дәрігерлердің жүктемесі азаяды. Әрине, жоғары білім алған орта буын маманның жала­қысы өзге орта буын медицина маманынан жоғарырақ болады. Мұның барлығы заңмен реттеліп қойған. Осыған қоса, емханада медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында пациент­термен қарым-қатынас эти­ка­сы жөнінде тұрақты тренинг өтіп тұрады. Дәрігерлер­дің біліктілігін арттыру, емхана­ны тиісті медициналық құрал-жабдықтармен қамтама­сыз ету мәселесі күн тәртібінен түспейді. 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03