Оқиға • 27 Қараша, 2024

Қазақстан делегациясы Үндістандағы Қаржылық барлау бөлімшелері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

61 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан делегациясы Үндістанда өтіп жатқан Еуразиялық топтың қылмыстық кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі (ЕАТ) пленарлық апталығына қатысып жатыр. Бұл шара ұйымның 20 жылдығына орайластырылған, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан делегациясы Үндістандағы Қаржылық барлау  бөлімшелері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Фото: ҚМА Баспасөз қызметі

Іс-шараға ЕАТ мүше-мемлекеттердің, бақылаушы мемлекеттер мен ұйымдардың, шақырылған мемлекеттер мен жеке сектордың делегаттары қатысып жатыр.

Сонымен қатар, Қазақстан делегациясы Қаржылық барлау бөлімшелері басшылары кеңесінің отырысына қатысты (ҚБББК). Айта кетейік, ҚБББК мүше елдердің қаржылық қылмыстарға қарсы күрестегі іс қимылын үйлестіреді.

2024 жылы Кеңес бірнеше маңызды бастамаларды жүзеге асырды:

  • Аймақта ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін азайту бойынша ұсыныстар әзірленді;
  • Елдер арасында ақпарат алмасу рәсімдері жақсартылды;
  • Тәуекелдерді бағалау үшін халықаралық орталық құру бойынша жұмыс басталды;
  • Жастарды қылмысқа тартуға қарсы күрес шаралары талқыланды.

Сонымен қатар, Кеңес ұлттық жүйелерге халықаралық стандарттарды енгізуге көмектеседі және ұйымға мүше елдерді өзара бағалау кезінде рейтингтерін жақсартуға қолдау көрсетеді.

 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03