Мәдениет • 02 Желтоқсан, 2024

Әуезов театры Қырғыз еліне гастрольдік сапармен барады

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2026 жылы қазақ өнерінің қарашаңырағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры 100 жылдық мерейтойын атап өтеді. Ғасырлық той қарсаңында театр ұжымы Қырғыз еліне гастрольдік іс-сапармен барады, деп жазады Egemen.kz.

Әуезов театры Қырғыз еліне гастрольдік сапармен барады

Театр ұжымы желтоқсанның 4-7 аралығында бауырлас қырғыз елінің бас шаһары Бішкек қаласына ат басын тіреп, Т. Абдумомынов атындағы Қырғыз ұлттық академиялық драма театрының сахнасында өнер көрсетеді. 

Гастрольдік бағдарлама бойынша қазақ және әлемдік драматургия жауһарлары «Қыз Жібек», «Қоштасқым келмейді», «Қорқыттың көрі», «Мәңгілік бала бейне» сынды спектакльдер көрермен назарына ұсынылады.

аа

Бұл қойылымдарда өзіндік қолтаңбасымен көрерменді тәнті етіп жүрген бірқатар өнер иелері Қазақстанның Халық әртісі Дулыға Ақмолда, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Болат Әбділманов, Шынар Жанысбекова, Шынар Асқарова, Жалғас Толғанбай, Мәдениет саласының үздігі Күнсұлу Шаяхметова, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» жастар сыйлығының иегерлері Салтанат Бақаева, Зарина Кармен, Асан Мәжит сынды театр артистері өнер көрсетеді. 

Айта кетейік, гастрольдік сапар Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтеді.

Гастроль бағдарламасы: 

4 желтоқсан 18.30-да Ғ. Мүсірепов «Қыз Жібек» спектаклі /музыкалық драма/ 2 сағат

5 желтоқсан 18.30-да А. Володин «Қоштасқым келмейді» /драма/ 1 сағат 40 мин

6 желтоқсан 18.30-да И. Ғайып «Қорқыттың көрі» /драма/ 2 сағат

7 желтоқсан 18.30-да Р. Мұқанова «Мәңгілік бала бейне» /трагедия/ 2 сағат

Соңғы жаңалықтар

Астанаға апаратын автобус

Қоғам • Бүгін, 10:55

Жігіттер жарап тұр

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:45

Үздік балуандар анықталды

Күрес • Бүгін, 10:40

Дауыстық ЖИ

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:30

Ауа батареясы

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:25

Ақылды жүйе

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 10:20

Әзизаның дебюті

Өнер • Бүгін, 10:10