Көрме • 10 Желтоқсан, 2024

Елдік мақсатты бедерлеген туындылар

63 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыдағы Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстан­ның Халық суретшілері Әбілхан Қастеевтің 120 жыл­ды­ғына, Үкі Әжиевтің 100 жылдығына, На­ғым­бек Нұр­мұхаммедовтің 100 жылдығына, Гүлфайруз Исмаи­ло­ваның 95 жылдығына арналған «Ұлағатты ұрпақ» атты Суретшілер одағының республикалық есептік көрмесі ашылды.

Елдік мақсатты бедерлеген туындылар

Көрмеде 200-ден астам кес­кіндеме, графика, мүсін, қол­өнер саласы бойын­ша Қазақстан суретшілерінің шығарма­шылық туындылары ұсынылды. Ал­маты, Алматы облысы, Астана, Пав­лодар, Көкшетау, Петропавл, Ақтөбе, Атырау, Орал, Қызылорда, Тараз, Түр­кістан, Шымкент өңірінен 150-ге жуық суретші қатысты.

ва

Қазақстан суретшілері, маңызы мен мәні жоғалмаған қазақ бейнелеу өнері қай заман болса да ұлттық қасиетті, ондағы дүниетанымды сақтап келеді. Қазақ бейнелеу өне­рінің өркен жайып, әлемдік өнер аренасында ұлттық сипатты танытуда суретшілердің сіңір­ген еңбегі ерен. Ұлттық бейнелеу өнерінің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін саралап, өзіндік жеке тұл­ғалық қолтаңбасымен өнер тарихында із қалдырған саң­лақтардың мерейтойларына орай ұйымдастырылған көр­менің негізгі мақсаты терең әрі ауқымды. Есептік көрме «ХХІ ғасырдың суретшілері ұлттық өнер мек­тебінің дамуына қандай үлес қосуда», «Қазіргі қоғам өміріндегі коммерциялық құрамдас бөліктен арылу және жаңа міндеттерді белгілеу», «Өзек­ті плас­тикалық идеяларды қалып­тастыру», «Адам мен қоғам арасындағы өзіндік да­мудың жаңа тарихи кезеңіне шығу маңыздылығы» секілді сурет өнеріндегі өзекті мә­селелерді қамтиды.

ва

Көрме жетекшісі Гүлнар Жұбания­зованың айтуынша, көрменің тұжы­рым­дамасына сәйкес, суретшілер шығар­машылығындағы туындыларда уақыт пен кеңістік ағымының ақи­қаты, ұлттық рухтың тынысы, елдің мақсат-мұраты баяндалады. Экс­по­зицияда көрермен түрлі жанрда әр қырынан көрініс тапқан, компо­зи­циялық және колориттік шешімде, креа­тивті ой-тұжырымда ай­қындалған динамикалық үндестік пен өзара тұтас, терең мағыналы туындыларды тамашалай алады.

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15