Спорт • 11 Желтоқсан, 2024

Ольга Рыпакова басшылық лауазымға тағайындалды

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың қатысуымен Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының 2024 жылға арналған қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ольга Рыпакова басшылық лауазымға тағайындалды

Фото: olympic.kz

Іс-шараға Жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов, өңірлік федерациялардың басшылары, спортшылар мен федерация өкілдері қатысты.

Жиында Даниал Ахметов федерацияның атқарған жұмыстары туралы есеп беріп, бірқатар маңызды жетістіктерге тоқталды. Олардың қатарында қазақ спортшыларының халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері мен жеңістері, жеңіл атлетиканы дамытуға бағытталған тың бастамалары бар.

Отырыс барысында Даниал Ахметов өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқанын мәлімдеп, белгілі спортшы, Рио-де-Жанейродағы Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованы федерация президенті лауазымына ұсынды. Жиынға қатысушылар, оның ішінде облыстық федерация басшылары мен спорт қауымдастығы оның кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Министр Ербол Мырзабосынов Даниал Ахметовке федерация президенті ретіндегі жемісті қызметі үшін алғыс айтып, Ольга Рыпаковаға жаңа қызметінде табыс тіледі.

Кездесу соңында министр Ольга Рыпаковаға жеңіл атлетикадағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, спортшылар мен резервтерді дайындауға баса назар аударуды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше