Қоғам • 23 Желтоқсан, 2024

Пойыздарда интернет қашан қолжетімді болатыны айтылды

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин 2025 жылдың басында пойыздарда пилоттық режимде интернет пайда болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Пойыздарда интернет қашан қолжетімді болатыны айтылды

фото: dknews.kz

Оның айтуынша, өткен жылы республикалық жолдар бойында талдау жүргізілген.

«Талдау негізінде біз антенна-діңгек құрылыстарын қосымша орнату қажет болатын 243 нүктені анықтадық. Қазір әкімдіктер жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеп жатыр. 80-ге жуығы іске асты. 2025 жылы республикалық маңызы бар жолдардағы «ақаулар» жойылады. Сондай-ақ жергілікті деңгейдегі жолдарды талдау жұмыстары басталды, оның нәтижелері ескеріліп, алдағы уақытта жоспарға енгізіледі», деп толықтырды Коняшкин.

Оның айтуынша, теміржол пойыздарында интернеттің сапалы жұмыс істеуі үшін әртүрлі технологияларға талдау жасалды.

Соңғы жаңалықтар

Ақылды маймыл

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:09

Қоқысты кәдеге жаратқан компания

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:07

Тапқырлық деп осыны айт

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:06

Жас жүректі баураған жырлар

Әдебиет • Бүгін, 09:04

Қымыздың қадірі артты

Мәдениет • Бүгін, 08:59