Спорт • 05 Қаңтар, 2025

Дзюдодан ел құрамасының әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды

86 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа маусымдағы дзюдодан алғашқы халықаралық жарыс 1-2 ақпан аралығында өтеді, деп жазады Egemen.kz.

Дзюдодан ел құрамасының әлемдік рейтингтегі орны белгілі болды

Фото: olympic.kz

Парижде өтетін Grand Slam сериясының кезеңіне ел құрамасы да қатысады. 

Бұл турнир ерекше маңызға ие. Себебі дзюдошылар өткен жылдың желтоқсан айының ортасында ресми түрде енгізілген жаңа ережелер бойынша сынға түседі.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәлімдеуінше, қазір Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте 12 орында тұр. Жинаған ұпай саны – 87 541.

Ал көш басында Жапония (219 217 ұпай) тұр. Екінші орынға Франция (184 924 ұпай) жайғасты. Үшінші орынды бейтарап тудың астында өнер көрсететін спортшылар иеленген (114 452 ұпай).

Соңғы жаңалықтар

Шілікті шертер сыр көп

Аймақтар • Бүгін, 08:22

Көз көруін операциясыз түзетеді

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

«AirPods Pro3»

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Бәске тігілген самаурын

Жәдігер • Бүгін, 08:07