Білім • 09 Қаңтар, 2025

Деректер журналистикасының курсы

126 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматыда өткен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жалпыға ортақ декларациясын қабылдау күніне орай «Орталық Азиядағы тұрақты даму үшін деректер журналистикасы: мақсаттар, сын-қатерлер және адам құқық­тары» атты халықаралық конференция аясында Орталық Азия елдерінің мамандары бірлесіп жазған «Деректер журналистикасы бойынша оқу курсы» таныстырылды.

Деректер  журналистикасының курсы

Іс-шараға қашықтықтан қатысқан Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қазіргі ақпараттық кеңістіктегі дата журналистиканың маңы­зына тоқталды.

– Дата журналистика фейк, жасанды интеллектіні қолданумен жасалатын негізсіз деректерді сараптауда жоғары рөлге ие болып отыр. Жасанды жаңалық, ақиқатын ажырату, осы тұрғыдан алғанда кәсіби оқу құралдарының қолжетімді болғаны керек. Әлемдік тәжірибеге негізделіп жазылған «Деректер журналистикасы бойынша оқу курсында» қамтылған деректер жаңа бағыттағы мүмкіндіктерді игеруге ықпал етеді. Қазір кейбір жағдайда кәсіби журналистер блогерлер мен әлеуметтік желі белсенділерінің тасасында қалып қояды. Осындай жағдайлар журналистің жұмысына шектеу жасайды. Олар кәсіби журналист айта алмаған нәрселерді айтады, кейде, керісінше жауап­кершілікті сезінбеген кейбір медиабелсенділер фактілерді тексермей жария­лай салады. Контентті кейін журналист зерттеп, зерделеп халыққа ұсынса, оны көпшілік оқымай қалуы да ықтимал. Өйткені жаңалық тез тарайды. Сондықтан журналист жаңа деңгейге шығуға ұмтылуы қажет, – деді министр.

Орталық Азия универ­си­теттеріне бейімделіп, ЮНЕСКО-ның қолдауымен, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан авторлары бірлесіп дайындаған еңбек­те деректерді өңдеу мен талдау саласындағы үздік әлемдік тәжірибелер мен құралдарды меңгеруге, жаңа бағыттағы журна­листерді дайындауға, жасанды интеллект пен цифрлық, әлеуметтік платформалармен жұмыс істеу тәжірибесі қамтылған.

«UNESCO IPDS» жобасы автор­­ларының жетекшісі, сая­си ғылым­дар докторы, Нархоз уни­вер­ситеті Құқық және мемлекеттік басқару мекте­бінің профессоры Гүлмира Сұлтанбаеваның ай­туын­ша, оқу курсы ЮНЕСКО-ның Ком­муника­цияны дамытудың халықаралық бағдарламасының «Орталық Азия елдеріне бейім­делген деректер журналистикасы курсын даярлау» жоба­сы аясында өзбек, тәжік, қырғыз, ағылшын тілдеріне әзірленді. Оқу­лық «Зерттеу және статистика прин­циптері», «Ашық көздерден ақпарат жинау», «Электронды кес­телерге кіріспе», «Сторителлинг тренді деректер журналистикасына» қатысты 11 тараудан тұрады.

Жоба авторлары дата жур­налистиканың еліміздегі қазіргі деңгейі әлі де графи­калық деңгейде екенін айтады. Осы орайда интер­активті, картографиялық журна­лис­­тиканы дамыту қажет. Егер интер­активті журналистика дамыса, тараптардың бір-бірімен кері бай­ланысында мәселе туын­да­майды. Ал журналистік зерттеуде кар­то­графиялық бағыт үлкен рөлге ие. Дата журналистика елімізде ал­ғаш рет 2019 жылы Әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ-дың журналис­тика факуль­те­тінде ашылып, оны бүгінге дейін 70-ке жуық маман бітіріп шықты.

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше