Әлем • 15 Қаңтар, 2025

Газа секторында тағы 73 адам көз жұмған

53 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Газа секторында Израиль шабуылдарынан кейінгі 1 тәулікте 73 адам көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Газа секторында тағы 73 адам көз жұмған

Олар босқындар тұрып жатқан Эль-Бурейдж бен әл-Фараби мектебіне жасалған соққы кезінде көз жұмған. Бұл туралы «Al Jazeera» ақпарат агенттігі хабарлады.

Израиль билігінің пайымынша, Газадағы білім ордаларында ХАМАС өкілдері жасырынып жүруі мүмкін. Сондықтан мектептер жиі нысанаға алынады. Салдарынан аймақтағы білім ошақтарының 88%-ы зақымданған.