Аймақтар • 18 Қаңтар, 2025

Ветеринария адамзатты емдейді

93 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Петропавлда БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы (FAO) облыстың мал шаруашылығы саласының маман дәрігерлеріне арналған семинар өткізді. Эпидемиологиялық қадағалауды күшейтудің озық әдістерімен таныстырған тренингтің тақырыбы – халықтың түрлі пандемияға қарсы күреске дайын болуының мән-жайы.

Ветеринария адамзатты емдейді

«Медицина адамдарды, ветеринария адамзатты емдейді» демекші, мал дәрігерлерінің түрлі жұқпалы инфекциялық ауру­ларға қарсы тұру әдістерін қам­тыған семинар мамандарға өте пайдалы болды. «GREEN Which» қонақүйінің залына жиналған мамандар өздері біле бермейтін әдістермен танысып, БҰҰ өкілдеріне көптеген сұрақ қойды. Сонымен бірге өздерінің сақтану шараларын толық біле бермейтіндіктерін байқады. Мысалы, сібір жарасы болуы мүмкін деген малдың өлексесін біздің ветеринарлар сойып, сынамасын зертханаға апаруға тырысады. Бірақ мұндай аурудан өлді делініп күдіктенген малдың өлексесін союға мүлде болмайды екен. Тек жығылған жағындағы құлағын кесіп алып, ішінде дезин­фекциялық ерітіндісі бар пергаменттік қалташаға салып, оны тығыз жабылған ыдыспен ғана зертханаға жіберген дұрыс көрінеді. Құлақ кесілген жерді инфекция тарамас үшін міндетті түрде күйдіру керек екен.

Сондай-ақ сынама зертханаға бір тәуліктің ішінде жеткізілгенде ғана нәтиже береді. Сынаманы қатырудың да қажеті жоқ. Жұмыс барысында мал дәрігерінің үстінде халат, екі қабат бес саусақты қолғап болуы міндет.

Сондай-ақ БҰҰ мамандары жануарлар мен құстардан қан алудың озық тәсілдері туралы да айтты. 5-10 мм қанды таңғы мезгілде, жануарларға әлі же­мазық берілмеген уақытта алу керек. Денеден қан алынатын жердің жүні қырылады, терісіне дезинфекция жасалады. Қан түтікшеге ағуы шарт, егер тамшылап алынса нәтиже дұрыс болмайды.

Мамандар ғана білуге тиісті осындай шарттар туралы көп айтылды. Тренингтің тәжірибелік бөлігі М.Әуезов көшесінде ор­наласқан «Провиант Групп дистрибьюшн» ЖШС мал сою алаңында тірі және сойылған мал мен құстан сынама алу әдістерін көрсетумен жалғасты.

Семинар-тренингтің басты мақсаты – зертханалық диагнос­тика үлгілерін жинау, орау, тасымалдау, өңдеу тәжірибесін же­тілдіру арқылы сібір жарасы, бруцеллез, құс тұмауы, пастереллез сияқты қауіпті аурулардың алдын алып, эпидемиологиялық қадағалауды қамтамасыз ету.

Кәсіби тренингтің негізгі бөлімі теориялық оқытуды, практикалық тәжірибені, кәсі­би дайындықты нығайтуды қам­тиды. Қатысушылар сынама алудың ұлттық, халықаралық стандарттарымен танысып қана қоймай, үлгі сапасын сақтаудың озық әдістерін үйреніп, биоло­гиялық қауіпсіздік стандарттары шараларын үйренді. Сондай-ақ аса қауіпті үлгілермен жұмыс істеуге дағдыланып, зоо­ноздық инфекциялардың өршуін бол­дырмаудың тиімді мүмк­ін­діктеріне машықтанды. Кешен­ді тәсіл тек теориялық білім ғана емес, сонымен қатар ақпаратты тәжірибемен бекітуге мүмкіндік беріп, мамандардың эпиде­мио­логиялық сын-қатерлерге жыл­дам әрекет етуге дайындығын айтар­лықтай арттырды.

 

Солтүстік Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15