Құжат «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру қауіп-қатеріне баға беретін халықаралық орталықты құру туралы келісімді ратификациялау туралы» деп аталады.
Аталған заң халықаралық деңгейде қаржылық мониторинг, терроризм мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл бағытындағы өзара әрекеттестікті күшейтуді көздейді. Келісім аясында мүше елдер күдікті қаржы операцияларын анықтау және талдау бойынша бірлескен бағалау жүргізеді.
Бұл бастама еліміздің қаржы жүйесінің ашықтығын арттырып, халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға үлес қосады.