Спорт • 21 Қаңтар, 2025

Журналист Нұрсұлтан Құрман жаңа қызметке тағайындалды

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрсұлтан Құрман Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Журналист Нұрсұлтан Құрман жаңа қызметке тағайындалды

Нұрсұлтан 2023-2024 жылдары Қазақстан футзал қауымдастығының вице-президенті қызметін атқарды. Оның есімі отандық спорт қауымдастығына жақсы таныс. Ол ұзақ уақыт бойы Қазақстан футзал және футбол чемпионаттарын белсенді түрде насихаттады.

Сондай-ақ бүгін Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысы Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті қызметіне тағайындалды.