Оқиға • 22 Қаңтар, 2025

Астанада дауылды жел бағдаршам мен аялдаманың шатырын ұшырып әкетті

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше, 21 қаңтар күні Астанада қолайсыз ауа райы басталып, жел екпіні секундына 20 метрге жетті, Бұл алғашқы төтенше жағдайларды тудырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Астанада дауылды жел бағдаршам мен аялдаманың шатырын ұшырып әкетті

Astanovka98 Telegram арнасының хабарлауынша, қатты желдің салдарынан Түркістан көшесіндегі бағдаршам құлаған. Оқиға орнында адамдар болмаған.

Сондай-ақ қатты дауыл салдарынан «Восток» тұрғын үй кешені аялдамасының шатыры ұшып кетті. Жергілікті тұрғындардың бірі өтіп бара жатқан адамдарға құлап кетпес үшін сынған элементтерді өзі алып тастаған.

Синоптиктер ауа райының күрт нашарлауын ескертті.

22 қаңтар күні таңертең елордада қолайсыз ауа райы жалғасады. Қазгидромет синоптиктері қалада дауылды ескерту жариялады. Түнде -30 градусқа дейін, күндіз -17-19 градусқа дейін болатын аяз күтіледі.