Ауа райы • 23 Қаңтар, 2025

Алдағы үш күнде аяз күшейе түседі

652 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидрометтің мәлімдеуінше, арктикалық суық ауа ағындары Қазақстан аумағына еніп, алдағы үш күнде температураның одан әрі төмендеуі күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz 

Алдағы үш күнде аяз күшейе түседі

23-24 қаңтар күндері еліміздің шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлеріне Солтүстік-Батыс циклонының жырасы әсерін сақтап қалады, бұл аймақтарда қар, кей жерлерде қатты қар жауады. Ал қалған аумақта жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі.

Жалпы елде бұрқасын, екпінді жел, көктайғақ және тұман болжанып жатыр

Солтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 20-30 градус аяз, кей жерлерде 35 градусқа дейін қатты аяз болады, күндіз 13-20 градус аяз. Орталық пен шығыста түнде 20-35 градус, ал кейбір аудандарда 40 градусқа дейін күшейетін қатты аяз күтіледі. Оңтүстікте түнде 15-25 градус, кейбір жерлерде 28 градусқа дейін қатты аяз болады, күндіз температура 5-15 градус аяз шамасында сақталады.