Қоғам • 28 Қаңтар, 2025

Алматыда 4 жыл бұрын жоғалған қыз табылды

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылдың жазында жоғалып кеткен қыз бала аман-есен табылды, деп хабарлайды Egemen.kz. Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда 4 жыл бұрын жоғалған қыз табылды

Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, осыдан төрт жыл бұрын Түркістан облысы Төлеби ауданының тұрғыны полицияға 16 жасар қызының жоғалып кеткені туралы арызбен хабарласқан. Ақпаратты алған тәртіп сақшылары барлық қажетті жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Арада бірнеше жыл өтсе де, аудан тұрғынының арызы бойынша іздеу жұмыстары жалғасып, нәтижесінде 2025 жылдың қаңтарында бір-бірінен айырылған анасы мен қызы қайта қауышты.

Бұл қызын сағынған ана үшін қуанышты жағдай болды.

«Қызымнан хабарсыз қалып, нендей жағдайда екенін біле алмай жүрген күндер артта қалды. Көп рақмет сіздерге. Арасында өздеріңізге де сенімсіздік білдірген едім, бүгін міне үмітім ақталып отыр. Сіздерге алғысым шексіз», деген анасы көңілдегі шынайы ризашылығын жеткізді.

Белгілі болғандай, полицейлер қызды Алматыдағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінде жұмыс істеп жүрген жерінен тапқан. Бүгінде қыздың осынша уақыт қайда, не себеппен хабарсыз кеткенін анықтау шаралары жүргізіліп жатыр. Полицейлер осы жайт бойынша мұқият тергеу жүргізіп, оқиғаның толық мән-жайын анықтайтын болады.

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жер сілкінді

Экология • Кеше

Жүз жастан асқан кейуана

Аймақтар • 10 Мамыр, 2025

Ұлы дала жорығы басталды

Спорт • 10 Мамыр, 2025