Оқиға • 31 Қаңтар, 2025

«Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының басшысы қызметінен кетті

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қоғамдық  қордың жаңа басшысы болып Лаззат Шыңғысбаева тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының басшысы қызметінен кетті

Фото: «Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры

Болат Жәмішев бұл қызметке 2022 жылдың қаңтар айында тағайындалған. Ол өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Қордағы жұмысын аяқтау туралы шешім қабылдаған.

Айта кетейік, Болат Жәмішев Қордың қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосты. Қор 104 қайырымдылық бағдарламасы мен жобасына бастамашы болып, оның 62-сін іске асырды. 29 қаңтарда ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қор Басқармасының мүшелерінің қатысуымен өткен брифингте «Қазақстан халқына» қорының жұмыс нәтижелері туралы баяндаған.

«Қорда жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілікті іс болды. Қор қызметінде біздің бастамаларымызды қолдағандардың барлығына шын жүректен алғыс айтамын. Біз бірігіп айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік және Қордың жаңа басшылықпен өз дамуын жалғастыра беретініне сенімім мол. Барлық серіктестерге, донорларға және қызметкерлерге ортақ игі ісімізге қосқан үлесі үшін алғыс айтамын», деді Болат Жәмішев.

«Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің шешімімен басшы лауазымына Лаззат Шыңғысбаева сайланды. Ол 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап қызметіне кіріседі.

Айта кетейік, Л.Шыңғысбаева бұған дейін «Қазақстан халқына» қоры Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып, мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Атамекен» ҰКП құрметті қызметкері» медалімен марапатталған.

1

 

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025