
Фото: Сенат
Депутат кездесу барысында Бас хатшыға Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың ізгі тілегін жеткізіп, биыл қыркүйек айында Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезіне ресми шақыруды табыс етті.
Мұхаммед Әбделсалам Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі бастамаларының маңыздылығын ерекше атап өтіп, Қазақстан Парламенті Сенатының Спикеріне шақыру үшін алғысын білдірді.
Тараптар Астанадағы Мұсылман ақсақалдар кеңесінің бөлімшесінің қызметі мен алдағы жұмыс жоспарын да талқылады. Осы тұрғыда діни төзімділік, түрлі мәдениеттер мен халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған бірлескен бастамалар мүмкіндігі қаралды.