Қысқы спорт • 07 Ақпан, 2025

Қысқы Азия ойындары: Спортшыларымыз жарыс күнін сәтті бастады

180 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Қытайдың Харбин қаласында ІХ қысқы Азия ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Дүбірлі дода бағдарламасындағы жұптық, топтық сындар басталып кетті, деп жазады Egemen.kz.

Қысқы Азия ойындары: Спортшыларымыз жарыс күнін сәтті бастады

Фото: Сали Сабиров

Бүгін жарыс жолына шыққан шорт-трекшілеріміз әр қашықтықта ширек, жартылай финалдарға өтсе, шайбалы хоккейден ел құрамасы Тайбэйді ойсырата ұтты. 17: 0 есебімен жеңіс ұпайы біздің жігіттердің пайдасына жазылды. 

аа

Спортты дамыту дирекциясының хабарлауынша, алғаш болып шорт-трекші Алина Ажғалиева 1500 метрге жарысудан ширек финалда бақ сынаған. Ол өз тобында үшінші орын алып, жартылай финалға жолдама алды. Алинаның уақыт көрсеткіші - 2:31.43 секунд.

Отандасымыз Ольга Тиханова да Азия ойындарын жеңіспен бастады. 1500 метрге жарысудан ширек финалда өз тобында бірінші орын алып, жартылай финалға шықты. Айта кетейік, Ольга бүгінгі ашылу салтанатында хоккейші Әділ Бекетаевпен бірге Қазақстан туын ұстап шығады. 

1500 қашықта Мадина Жанбусынованың да бағы жанды. Жартылай финал жолында 2:35.696 уақыт көрсеткішін тіркеді. 

Осы қашықтықта Қазақстан ерлер құрамасы да жартылай финал жолдамасынын тыс қалмады. Глеб Ивченко 2:30.602 секунд уақыт көрсеткішімен, келесі сында шеберлігін көрсетуге мүмкіндік алды.

Құрама көшбасшыларының бірі Денис Никиша да 1500 метрге жарысудан 2:16,863 секунд уақыт көрсеткішімен жартылай финалға өтті.

500 метрге жарысқан әйелдер, ерлер құрамасының да жүлдеге қол созу мүмкіндігі сақтылды. Бұл қашықтықта ширек финал 8 ақпанға жоспарланған. 

пп

1000 метрге жарысудан Ольга Тихонова (1:40,731) мен Малика Ермек (1:35,228) енді ширек финалда өнер көрсетеді.

Осы қашықтықтар ерлер сапынан ел намысын қорғаған Әділ Ғалиахметов (1:29,468), Айбек Нәсен (1:32,155) мен Глеб Ивченко (1:40,338) іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетіп, ширек финалға өтті.