Шаруашылық • 14 Ақпан, 2025

Ақмолада 39,3 мың гектар жер тәркіленді

94 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмолада 39,3 мың гектар жер тәркіленді

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Жер ресурстарын басқару департаментінің (ҚР АШМ ЖРБК) талабын қанағаттандырып, ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған 39,3 мың га ауыл шаруашылығы жерін мәжбүрлеп қайтару туралы шешім қабылдаған.

Тексеру нәтижесінде Ерейментау ауданының Сілеті, Ақсуат, Қойтас ауылдық округтеріндегі, оның ішінде 4 747 га егістік пен 34 425 га жайылымдық жер мақсатты түрде пайдаланылмағаны анықталған.

Жер иесіне заңбұзушылықтарды жою үшін 1 жыл уақыт берілсе де, ол қажетті шараларды қабылдамаған.

Апелляциялық инстанция шешімді өзгеріссіз қалдырды. Енді бұл жерлер тиімді пайдаланушыларға беріледі, ал олардың игерілуіне бақылау жалғасады.