Аймақтар • 20 Ақпан, 2025

СҚО-да заңсыз елік аулағандар қолға түсті

55 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша және Айыртау аудандарында табиғаттың еркесі, сұлу еліктерді атқандар ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да заңсыз елік аулағандар қолға түсті

Республикалық «Браконьер» шарасының шеңберінде заңсыз аңшылықты бақылауға шыққан полицейлер Тайынша ауданындағы күдіктінің үйіне келгенде оның қорасынан жайрап жатқан бес елікті тапқан. Жануарлар 43 жастағы азаматтың қолынан оққа ұшқаны белгілі болды. Оның ТОЗ-34 маркалы мылтығы тәркіленді.  Табиғатқа келтірілген шығын 7 млн теңгенің шамасында.

Екінші браконьер Айыртау ауданында атпен жүргенде ұсталды. Ол ешқайда тіркелмеген ИЖ-17 маркалы мылтықпен үш елікті атып тастаған. Екі іс бойынша да қылмыстық іс қозғалып, сотқа жіберуге дайындалып жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15