
2024 жылдың қорытындысы бойынша банк республикадағы жобаларға шамамен 1,4 млрд доллар бөлді, жалпы алғанда, кейінгі 3 жылда банктің елге салған инвестициялар көлемі 3,6 млрд долларды құрады. Осылайша Қазақстандағы жобалар үлесі банк портфелінде маңызды орнын арттыра түсті.
Николай Подгузов 2025 жылы банк цифрлық технологиялар мен инновациялық шешімдерді енгізуге баса назар аудара отырып, энергетика, көлік және өнеркәсіп салаларындағы негізгі стратегиялық жобаларды қаржыландыруды жалғастыруға ниетті екенін атап өтті.
Биыл ЕАДБ Қазақстанның Орталық және Шығыс өңіріндегі ЖЭО-ны кеңейту және жаңғырту, полиэтилен өндіретін зауыт құрылысы, қуаты 545 МВт «Алтын Дала» күн электр стансасын салу сияқты әлеуметтік маңызы бар жобаларға инвестиция салуды жоспарлап отыр.
Премьер-министр Қазақстанның, әсіресе энергетика, инженерлік және коммуналдық инфрақұрылым салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.
«Еуразиялық даму банкі – Қазақстанның маңызды серіктесі. Өткен жылы экономикамызға тартылған инвестиция көлемі шамамен 40%-ға артты. Банктің Қазақстандағы несие портфелі жалпы көлемнің 63,4%-ына дейін өсті. Біз банкпен өзара тиімді шарттарда ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделіміз. Сондай-ақ біз өзара іс-қимылдың дәстүрлі және жаңа бағыттарының әлеуетін ашуға ниеттіміз», деп атап өтті О.Бектенов.