Қоғам • 11 Наурыз, 2025

Бірыңғай уақыт белдеуінің халық өміріне теріс әсері жоқ - Арман Шаққалиев

57 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің халық денсаулығына әсеріне жүргізілген мониторинг нәтижелерін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірыңғай уақыт белдеуінің халық өміріне теріс әсері жоқ - Арман Шаққалиев

Фото:Ашық дереккөз

Министрдің хабарлауынша, сарапшылар қауымдастығын тарта отырып бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің халық денсаулығына, энергия тұтынуға және еңбек өнімділігіне әсерін зерттеу мақсатында кешенді мониторинг жүргізілген.

Зерттеу әдістемесі уақыт белдеуін енгізудің әсерін бағалау үшін 40-тан астам көрсеткішті қамтыған. Оның ішінде:

  • Денсаулық сақтау саласы – түрлі жас топтары мен қала және ауыл тұрғындары қамтылған;
  • Энергия тұтыну – электр қуатын тұтыну статистикасы, соның ішінде ең жоғары жүктеме кезеңдері зерттелген;
  • Еңбек тиімділігі – жұмыс көлемі, кешігулер мен жұмыстан қалу жағдайлары, жарақат алу фактілері мен тәртіп бұзушылықтар талданған.
«Нәтижелер біртұтас уақыт белдеуіне көшудің халықтың өмірлік белсенділігінің негізгі көрсеткіштеріне теріс әсері жоқ екенін көрсетті», деді Арман Шаққалиев.
Бұл ретте Олжас Бектенов Парламент Мәжілісімен бірлесіп, тиісті жұмысты ұйымдастыруды тапсырды.
«Мемлекет басшысы Үкімет пен Парламентке аталған мәселені егжей-тегжейлі қарап, бірлесіп оңтайлы шешім қабылдауды тапсырғанын білесіздер. Министрдің баяндамасында айтылғандай, мониторинг бірыңғай уақыт белдеуін енгізу туралы қабылданған шешімнің теріс әсері жоқ екенін көрсетті», деді О.Бектенов.