Мектеп • 13 Наурыз, 2025

Кәсіпкер ҰБТ-дан 140 ұпай жинаған түлекке 5 миллион тарту етеді

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұндай керемет сыйлықты кәсіпкер Мереке Байжан ұсынған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәсіпкер ҰБТ-дан 140 ұпай жинаған түлекке 5 миллион тарту етеді

Фото: istockphoto.com

Павлодар облысы, Екібастұз қаласындағы «Зерде» мамандандырылған мектебінің 2014 жылғы түлегі Мереке Байжан былтыр қараша айында мектептің пән олимпиадасында жетістікке жеткен 11-сыныптың 2 оқушысына 30 мың теңгеден стипендия тағайындаған және білім ошағының 20 жылдық мерейтойын 1 миллион теңге сомасымен қолдаған. 

Pavlodarnews.kz ақпаратынша енді меценат биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде 140 ұпай жинаған мектеп түлегіне 5 миллион теңгенің сертификатын тапсырмақ.