Спорт • 17 Наурыз, 2025

Александр Бублик финалда ұтылды

53 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик АҚШ-тың Финикс қаласында өткен Challenger турнирінің финалында ұтылды.

Александр Бублик финалда ұтылды

Финалдық сайыста ол бразилиялық Жоао Фонсекамен кездесті. Бұл бәсеке өте тартысты өтіп, екі сет те тай-брейкке ұласты. Десек те шешуші тұста ширақ қимылдаған Фонсека 7:6, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Аталған турнирде финалға шыққанының арқасында ол АТР рейтингтінде екі сатыға жоғарылап, қазіргі кезде 80-орынды иеленіп отыр.

Үздіктер тізімінде Александр Шевченко өз орнын сақтап қалды. Отандасымыз 98 сатыға жайғасты. Ал Тимофей Скатов пен Михаил Кукушкин өткен аптамен салыстырғанда жағдайларын жақсартты. Бұл күндері олар 160 және 175 орындарды еншілеп тұр.     

Көш басында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Бұл ретте үздік үштіктің қатарында италиялық Янник Синнер, германиялық Александр Зверев және испаниялық Карлос Алькарас сынды саңлақтар бар.

Соңғы жаңалықтар

Елшіл қайраткерге құрмет

Қоғам • Бүгін, 10:30

«Аллажар» – замана аманаты

Қоғам • Бүгін, 10:10

Отандық өнім, озық технология

Экономика • Бүгін, 09:55

Жанға жайлы Жанұзақ

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Шаруақор Шарбақты

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Автоөнеркәсіп өрісі

Экономика • Бүгін, 09:40

Алаш қаласы қайда?

Тарих • Бүгін, 09:32

Жас буынға тарту

Қоғам • Бүгін, 09:30

Татулықты тұғырлаған белес

Қоғам • Бүгін, 09:25

Саламатты жастар жобасы

Жоба • Бүгін, 09:20

Игілікті еселеген инвестиция

Экономика • Бүгін, 09:15