
Таңғаларлығы, сазгер әйгілі «Тоғызыншы симфониясын» толық саңырау күйінде жазып шыққан. Шығарма алғаш орындалған кеште өзі де залда болады, бірақ ол оркестрге қарап тұрғандықтан, көрермен қошеметін ести алмайды. Сонда жүрегі елжіреген бір музыкант Бетховенді көрермен жаққа бұрып, халықтың тік тұрып, ұзақ қол соғып жатқанын көрсетеді. Сол сәтте Бетховен жұртшылықтың ыстық ықыласын көріп, көзіне жас алған екен.