Экология • 08 Сәуір, 2025

Киік өлексесінің Кеңгір суына кесірі жоқ

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жезқазған қаласының халқы ауызсудың 70 пайызын Кеңгір су қоймасынан тұтынады. Осы су қоймасынан 600-дей киік өлексесі табылған.  Сол себепті тұрғындардың суда түрлі инфекция қоздырғыштары көбейіп, су ішуге жарамсыз болуы мүмкін деп алаңдауы орынды, деп хабарлайды Egemen.kz

Киік өлексесінің Кеңгір суына кесірі жоқ

фото: istockphoto.com

Осы мәселе басты назарда.  Сынамалар алынып, зертханада тексеру жұмысы жүріп жатыр.

«Біз су сынамаларын 21 наурыздан бастап ала бастадық. Қатаң бақылауда ұстаудамыз. Әзірге ауытқу анықталған жоқ.  Егер де  судың құрамында өзгеріс болып жатса, суды заласыздандыру мәселесін көтереміз. Қала бойынша біз жылына бір рет заласыздандыру жұмысын жасайтын едік. Егер де су қалыпты жағдайдан өзгеріске ұшыраса, онда бұл шараны жиілететін боламыз. Ұлттық зерттеу  орталығы, Су жөніндегі зертхана  және Сумен жабдықтау мекемесі бар.  Бірігіп жан-жақтан бақылауда ұстап отырамыз. Әзірге бәрі қалыпты», деді Жезқазған қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Нұрбол Жолдыбаев.