Оқиға • 10 Сәуір, 2025

Шерзат Болаттың ісі бойынша жаңа мәліметтер жарияланды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Шерзат Болаттың үйінің өртенуіне қатысты тергеудің жаңа мәліметтерін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Шерзат Болаттың ісі бойынша жаңа мәліметтер жарияланды

Фото: Видеодан алынған кадр

Ғалымжан Қойгелдиевтің айтуынша, бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеу әлі жалғасып жатыр.

«Сараптамалар кең ауқымда жүргізілді. Бұл сараптамалардың белгілі бір нәтижелері бар (...) Біз Ресей Федерациясына халықаралық тергеу бұйрығын жібердік», деді Қойгелдиев Сенатта өткен брифингте.

Бас прокурордың орынбасары түсіндіргендей, істің толықтығын зерттеу үшін тәртіп сақшылары өрт шыққан күні үй маңында қандай көліктер тұрғанын спутник арқылы анықтағысы келеді. Бұл үшін тағы біраз уақыт керек. 

Еске сала кетейік, 2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда бір топ адам жасөспірімді қатігездікпен өлтіріп кеткен еді. Белгілі болғандай, 16 жастағы Шерзат Болат дүкенде әкесіне көмектесіп жүрген кезде агрессивті тұтынушыға тап болып, жанжал басталған. Сатып алушы достарына қоңырау шалып, бір топ адам болып Шерзатты, оның әкесі мен ағасын пышақ және мылтықпен ұрып-соға бастаған.