Өнер • 14 Сәуір, 2025

Өлім алдындағы соңғы әуен

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауғанстан. Қан майдан. Жан-жақта атылған оқ, жарылған снаряд. Өлім мен үрей. Бірақ сол сұмдықтың арасынан кенет басқа бір үн естіледі…

Өлім алдындағы соңғы әуен

Ауғанстанда қоршауда қалған кеңес жауынгерлері оқ-дәрісі таусылып, тірі қалу мүмкіндігі жоғын түсінді. Сол сәтте жас сарбаз ауыр болса да, үнемі тасып жүретін гармонын қолына алып, туған жері туралы мұңлы әуен ойнай бастады. Жауынгерлер үнсіз тыңдады. Тіпті дұшпандары да қаруын төмен түсіріп, бұл әуенді соңына дейін айтуға мүмкіндік берді. Бірақ көп ұзамай атыс қайта жалғасты, ал сарбаз соңғы әнінен кейін тіл тартпай кетті.

Германия. Берлин. Соғыстың соңғы күндері. Кеңес солдаты көшеде шаң басқан пианиноны көріп, кілт тоқтады. Оның пернелерін асқан сағынышпен басты. Қираған қала ішінде Бахтың әуені толқыды. Кешеге дейін жау болған адамдар – неміс тұрғындары – үйлерінен шығып, үнсіз тыңдады. Сол сәтте олар кеуделерінде жүрек барын, сол жүректің мейірім аңсайтынын түсінді. Бірақ бір сәтке ғана.

Өнер. Өлім алдында да өз құдіретін жоғалтпайды. Біз қазір де осы оқиғалар ортасында жүрміз. Ауғанстандық ақын қыз Амил айтқандай, қанша адамның қазір де отаны жанып жатыр...

Соғыс алауы жанды...

Онда менің Отаным жанып жатыр.

Ол өртте менің жаным жанып жатыр,

Армандарым,

Сосын ертеңгі таңым жанып жатыр...

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50