
Жаңа материал ауаның ылғалдылығы 80% болса, 4,21 грамм су сіңіре алады. Ол суды бөліп шығару үшін қарапайым суды буландыруға кететін энергияның небәрі 60%-ын ғана қажет етеді. Сонымен қатар ашық далада бір шаршы метр материал күніне 6,29 литрге дейін таза су өндіреді. Ең бастысы – бұл үдеріс күндіз ешқандай құрылғысыз, автоматты түрде жүреді. Ғалымдар бұл жаңалықты экологиялық таза әрі тиімді шешім ретінде қарастырып отыр.