Қоғам • 15 Сәуір, 2025

Алматыда ескі үйлерді реновациялау жүріп жатыр

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі күні Алматы қаласында 1 366 ескі үй бар болса, оның 40%-дан астамы – Түрксіб ауданында орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда ескі үйлерді реновациялау жүріп жатыр

Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев аудандағы ескі тұрғын үйлерді реновациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

«Өткен жылы Кассин және Сауранбаев көшелерінде 13 жаңа көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Алтай-2 шағын ауданында 6 бұзылған үйдің орнына тоғыз қабатты 3 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ Сауранбаев көшесінде 3 үйді бұзу жоспарланып отыр, одан кейін 8 жаңа көппәтерлі тұрғын үй салынады», деді Ерболат Досаев.

Естеріңізге сала кетейік, қала әкімдігі 2030 жылға дейін тұрғын үйді реновациялаудың жаңа бағдарламасын әзірлеген еді. Бағдарламада 676 ескі үйді реновациялау қарастырылған. Тектоникалық ақауларда орналасқан қаңқалы-қамысты үйлер мен ғимараттарды бұзуға баса назар аударылады. Бағдарламаның негізгі қағидаты – құрылысты тоқсандық жүргізу. Ғимараттарды көшіру және бұзу барлық ескі тұрғын үй иелерінің келісімімен ғана жүзеге асырылатын болады. Бұл ретте меншік иелеріне «бөлме үшін бөлме» қағидаты бойынша айырбастау немесе нарықтық құны бойынша ақшалай өтемақы алу мүмкіндігі беріледі.

Соңғы жаңалықтар

Петропавлда базардағы сауда орны өртенді

Төтенше жағдай • 08 Қараша, 2025

Қайта жанданған «Qazaq Camel»

Өндіріс • 08 Қараша, 2025

Теңге бағамының қаржы нарығына әсері

Экономика • 08 Қараша, 2025

Елге сенімі жоғары

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Ұстаз • 08 Қараша, 2025

Мұратану мұраты

Ғылым • 08 Қараша, 2025

ЖИ туралы заң нені көздейді?

Жасанды интеллект • 08 Қараша, 2025

Карбон полигонының мүмкіндігі зор

Шаруашылық • 08 Қараша, 2025

Еңбеккерлердің мерейін тасытты

Аймақтар • 08 Қараша, 2025

Ұлттық спорт – табыс көзі

Ұлттық спорт • 08 Қараша, 2025

Ізденген ілгері басады

Қоғам • 08 Қараша, 2025

Кішкентай қателік

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025

Сац театры: сахнадағы 80 жыл

Театр • 08 Қараша, 2025

Тәтті тасқын

Ғалам ғажаптары • 08 Қараша, 2025