Таным • 17 Сәуір, 2025

Ноцебо әсері

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Адам санасы неге сенсе, ағза соған мойынсұнады. Бұл құбылыс ғылымда «Ноцебо әсері» деп аталады. «Ноцебо әсері» – адамның теріс сенімі мен қор­қы­нышы тікелей ағзаға зиян келтіретін психо­фи­зио­логиялық күй. Адам жамандықтың боларына шын иланғанда, дене де соған қарай бейімделеді.

Ноцебо әсері

Зерттеушілер бұл құбылысты дәлел­деу мақсатында эксперимент жасап көр­ген. Өлім жазасына кесіл­ген адамға түрме қыз­мет­керлері: «Сені атып өлтір­мейміз, улы жыланға шақ­тырамыз», деп жыланды көрсетеді. Содан кейін көзін байлап, денесін таңып, жылан келгендей әрекет жасап, терісіне жай ғана ине шаншиды. Жылан жоқ. Бірақ адам оның шаққаны­на сеніп, сол жерде-ақ тіл тартпай кеткен. Сараптама оның қатты үрейленген­нен жүрегі тоқтап қалғанын дәлелдеген.

Мұндай мысалдар адамның сенімі ағзада нақты физиологиялық өзгерістер тудыра алатынын көрсетеді. Кейде дәрігер науқасқа: «Бұл дәрінің кері әсері болуы мүмкін», деп ескертсе, адам сол әсерді міндетті түрде сезінеді. Бас айналады, жүрек айниды, денесі ауырлайды. Ал шындығында ол дәрінің ешқандай зияны болмауы мүмкін. Бірақ адам жамандықты күтіп тұрады. Бұл да – ноцебо.

Адам ойы – ең қуатты құрал. Жамандықты күткен жан жапа шегеді, жақ­сылыққа сенген сауығады. Өйткені санадағы сенім ағзаның әр жасушасына әсер етеді. Сол үшін де сөзімізді де, ойымызды да абайлап айту – өзімізге жасалған қамқорлық. Үрей – у, үміт – иммунитет, ал сенім – шипа.