
Бұл – қарапайым смартфонның микрофоны арқылы жүрек қағысын небәрі 7 секунд ішінде жазып алып, жасанды интеллектінің көмегімен жүрек ауруын 96% дәлдікпен анықтайтын инновациялық жоба. Ең қызығы, бұл үшін арнайы медициналық құрал-жабдық, сым немесе дәрігердің көмегі қажет емес. Сиддарт Нандьяла – «Oracle» мен «ARM» компанияларынан жасанды интеллект саласы бойынша ресми сертификат алған әлемдегі ең жас маман.