Қоғам • 22 Сәуір, 2025

Дәстүрге айналған «Gender party» қалай пайда болған

100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде әлеуметтік желілерде құрсақтағы баланың жынысын анықтау бақытымен бөлісудің ерекше түрі «Gender party» миллиондаған қаралым мен мыңдаған пікір жинап, заманауи дәстүрге айналып үлгерді. Алайда оның қалай және қашан пайда болғанын бірі білсе, енді бірі білмейді, деп жазады Egemen.kz

Дәстүрге айналған «Gender party» қалай пайда болған

Фото: Ашық дереккөз

Алғаш рет баланың жынысын білудің ерекше тәсілі 2008 жылы АҚШ-та ұйымдастырылған. Лос-Анджелес қаласында тұратын Дженна Карвунидис есімді блогер торттың ішін қызғылт түспен әсемдеп, осылайша жақындарына қыз күтіп отырғанын жариялаған. 

Дәл осы кештен кейін бұл тәсіл әлеуметтік желілерде белең алып, қоғамда визуалды шоуға айналды. Тіпті, кейінгі жылдары «Gender party-дың» масштабы үлкейіп, реквизиттері де күрделене түскен. 

Алайда, бір отбасының бақытты сәттерінің куәсі болған мерекенің айналасында бірнеше резонанс тудыратын оқиғалар да пайда болған. Мәселен, 2017 жылы Аризона штатында баланың жынысын анықтау үшін өткізілген мереке кезінде қолданылған пиротехникалық құрылғы орман өртіне себеп болған. Бұл оқиға шамамен 190 шаршы шақырым орманды жерді күлге айналдырған.

Дәл осындай жағдай 2019 жылы Калифорнияның Эльдорадо округінде де қайталанған. Жынысты жариялау үшін қолданылған арнайы түтін шығаратын құрылғы 76 шаршы шақырым жерді жойып жіберген. Салдарынан жүздеген отбасы баспанасыз қалған.

Дженна Карвунидис өзінің идеясынан кейін болған осындай қайғылы жағдайларды көріп, ренішін білдірген.

«Мен тек отбасылық сәтті бөліскім келген еді. Ал қазір адамдар өміріне қауіп төндіріп жатыр. Тіпті кейде жынысқа байланысты алалаушылық көріністерге айналып кеткенін көремін» деген ол  Elle журналына берген сұхбатында.