
фото: pixabay.com
Тиісті департамент «Масс-медиа туралы» Заң аясында мониторинг жүргізудің жаңа ережелерін дайындады.
«Масс-медиа мониторингі жүргізу қағидалары, масс-медиа өнімдерін жинау және талдау процесінің тәртібін Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау тұрғысынан, сондай-ақ қоғамның дамуына зиян келтіру, жалпы адамзаттық, ұлттық, мәдени және отбасылық құндылықтарды бұзу тұрғысынан белгілейді», делінген жобада.
Айта кетейік, Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі бұйрығымен бейбіт жиындарға қатысатын журналистің (БАҚ өкілі) қызметінің қағидалары, журналистің айырым белгілерінің нысандары бекітілген еді.