Қазақстан • 23 Сәуір, 2025

Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ахуалдық орталық құрылады

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ахуалдық орталық құрылады

Фото: ОКҚ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті төрағасының м.а Ерболат Абулхатинның айтуынша, аталған орталықты құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл орталыққа қауіпті өндірістік объектілерде енгізілген апаттардың және жазатайым оқиғалардың тәуекелдерін талдаудың болжамдық жүйелері қосылады.

«Ахуалдық орталық – жұмыскерлердің өндірістік объектідегі еңбек жағдайларының қауіпсіздігіне онлайн-режимде мониторинг жүргізуге, уақытылы ден қоюға, шаралар қабылдауға мүмкіндік береді», деді спикер Е.Абулхатин.