
Фото: oxu.az
Оқиға Сеулден оңтүстікке қарай 110 шақырым қашықтықта орналасқан Чхонджу қаласындағы мектептердің бірінде болған. Қаруланған оқушы мұғалім мен бес оқушыны беті мен ішінен жарақаттаған. Ресми деректерге сәйкес, зардап шеккендердің ешқайсысының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Шабуылдан кейін күдікті жақын маңдағы су қоймасына секіріп, өзін жарақаттауға тырысқан. Алайда, ол құтқарылып, ауруханаға жеткізілген.
Қазіргі уақытта полиция оқушының бұл әрекетке не үшін барғанын және оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.